Прокторинг
ИИ қолданатын онлайн емтихан прокторингі
SANA онлайн емтихандардың адалдығын қадағалайды: камера, микрофон, экран және құрылғы белсенділігі автоматты талданады. Барлық бұзушылық уақыт белгісімен тіркеліп, есепте көрсетіледі.
- Камера мен экранды жазу
- Бұзушылықтарды ИИ анықтауы
- Әр оқушы бойынша есеп
- Браузерде жұмыс істейді, орнату қажет емес
Прокторинг нені бақылайды
Жүйе көшіруге қолданылатынның бәрін қadaғалайды және адал оқушыларға кедергі келтірмейді.
Камерадан видео: бөгде адамдар, кадрдан шығу, жан-жаққа қарау
Экран: жұмыс үстелінің скриншоттары, қойындылар мен қосымшаларды ауыстыру
Микрофоннан аудио: бөгде дауыстар мен көмек сөздер
Мінез-құлық: мәтінді көшіру, басқа терезелерді ашу әрекеттері
Қолмен бақылаудың орнына есептер
Бір бақылаушы ондаған оқушыны қадағалайды: жүйе күдікті сәттерді өзі белгілейді.
Бұзушылықтардың түрі мен уақыты көрсетілген хронология
Әр оқиға бойынша скриншоттар мен жазба үзінділері
Емтихан нәтижесіне қорытынды сенім рейтингі
Бақылаушыға нақты уақыттағы хабарламалар
Қатаңдықты икемді баптау
Әр емтихан жеке бапталады: жеңіл бақылаудан толық қадағалауға дейін.
Тек қажетті тексерулерді қосыңыз: камера, экран, қойындылар
Сынақ пен қорытынды емтиханға әртүрлі қатаңдық профильдері
Прокторинг сынақ ҰБТ-да да, ішкі тесттерде де жұмыс істейді
FAQ
Жиі қойылатын сұрақтар
Оқушыларға бағдарлама орнату керек пе?
Жоқ. Прокторинг тікелей браузерде жұмыс істейді: оқушы камера мен экранға рұқсат береді де, емтихан басталады. Chrome, Edge және басқа заманауи браузерлер қолданылады.
Бұзушылық болғанда не болады?
Жүйе оқиғаны уақыт белгісімен, скриншотпен және бұзушылық түрімен тіркейді. Бақылаушы оны нақты уақытта және қорытынды есепте көреді, шешім оқытушыда қалады.
Прокторинг барлық тестке міндетті ме?
Жоқ, ол нақты емтихан деңгейінде қосылады. Жаттығу тесттерін бақылаусыз, ал қорытынды емтихандарды толық қадағалаумен өткізуге болады.
Жазбалар қайда сақталады?
Жазбалар мен оқиғалар платформаның қорғалған қоймасында сақталады және тек тиісті құқығы бар ұйым қызметкерлеріне қолжетімді.
Алғашқы емтиханды прокторингпен өткізіңіз
Демо-сессияда жүйені іс жүзінде көрсетеміз: командаңызға сынақ емтихан баптаймыз.
Өтінім қалдыру
Бастауға дайынсыз ба? Жеке демо сессиясын алыңыз
Біз платформаны сіздің міндеттеріңізге бейімдеуге, команданы оқытуға және іске қосудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге көмектесеміз.